Shenzhen турнирі: Зарина Дияс ширек финалдың ІІ сетінде жеңді

9 Қаңтар 2020, 10:47
3622
Бөлісу:
Shenzhen турнирі: Зарина Дияс ширек финалдың ІІ сетінде жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Shenzhen Longgang Tennis Center 1/4 финал өтіп жатыр.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында қазақстандық теннисші испаниялық спортшы Гарбинье Мугурусамен ширек финалда ойнап жатыр. Екінші сет аяқталды. Онда Зарина Дияс 6:2 есебімен жеңді.

Ал, бірінші сетте 4:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Зарина Дияс қазір әлемдік рейтингте 75-орында, ал испаниялық теннисші Мугуруса 35-орында тұр.

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Зарина Дияс Гонконгта өткен ITF сериясындағы турнирдің финалында қытайлық теннисші Чжу Линді 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Бұған дейін, Зарина Дияс ширек финалдың І сетінде жеңілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы