Шенген визасына жалған құжат тапсырғандар көбейді

8 Сәуір 2024, 16:28
317
Бөлісу:
Шенген визасына жалған құжат тапсырғандар көбейді
Фото: автордан

Елімізде виза алу үшін жалған құжаттарды ұсыну фактілері жиілеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы СІМ өкілі Айбек Смадияров журналистермен өткен брифинг барысында айтты.

СІМ Еуропалық одақ өкілдерімен визалық режимді жеңілдету бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді. Еуропа елдері консулдарының ақпараты бойынша Қазақстанда жалған құжаттар ұсынатындар көбейген. Бұл өз кезегінде "Шенген" визасын беруден бас тарту жағдайына алып келеді, - деді ол.

Сондай-ақ мұндай іс-әрекеттер Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіріп отыр. Және болашақта визадан бас тарту мүмкіндігін арттыра отырып, азаматтардың визалық тарихын нашарлатады.

Айбек Смадияров өз сөзінде азаматтарды мұқият болуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы