Шенген визасын алу жеңілдей түсуі мүмкін: СІМ мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Еуроодақпен визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздердің үшінші кезеңі аяқталды.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 18:18
Бүгiн 2026, 18:18
218
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Еуроодақ Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында мәлімдеді.

Айтуынша, визаға қатысты келіссөздердің үшінші кезеңі өтіп, жақын уақытта оның қорытындылары жарияланады.

Сондай-ақ ресми өкіл қазақстандық дипломаттар Еуроодақпен визалық мәселелер бойынша келіссөз жүргізу үшін Брюссельге барғанын атап өтті.

Жалпы алғанда, бұл бағыттағы жұмыс жақсы ілгерілеп келеді деп айта аламын. Жақын уақытта толығырақ ақпаратпен бөлісе аламыз деп ойлаймын, – деді ол.

Сондай-ақ Жетібаев жаз мезгілінде қазақстандықтардың шетел мемлекеттерінің консулдықтарына виза алу үшін жиі жүгінетінін атап өтті. Алайда виза беру немесе бермеу туралы шешім қабылдау әр мемлекеттің егемен құқығы екенін еске салды.

Қазіргі таңда азаматтарымызға тек құжаттарын алдын ала тапсыруға және олардың қойылатын барлық талаптарға толық сәйкес болуына назар аударуға кеңес бере аламын, – деп түйіндеді ресми өкіл.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен ЕО визаны жеңілдету мәселесін талқылап жатқаны туралы жаздық.

Наверх