Шенеуніктерді рұқсатсыз фото, видеоға түсіруге бола ма? Қырықбаев түсіндірді

18 Қараша 2026, 12:15
АВТОР
 Мәдениет және ақпарат министрлігі 18 Қараша 2026, 12:15
18 Қараша 2026, 12:15
88
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанда журналистердің лауазымды тұлғаларды ресми іс-шаралар кезінде түсіруіне шектеу қойылмайды. Ал олардың отбасымен демалыста жүрген сәтін бейнежазбаға түсіру үшін рұқсат алу қажет. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Құрылтайдағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, Құрылтайда талқыланып жатқан заң жобасы журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтірмейді. Ресми іс-шарада жүрген лауазымды немесе жария тұлғаны түсіру құқық бұзушылық болып саналмайды.

Құрылтайда талқыланып жатқан заң журналистердің құқығын шектемейді. Кез келген лауазымды тұлғаны немесе жария тұлғаны ресми іс-шарада жүрген кезінде түсірсеңіз, бұл ешқандай құқық бұзушылық болмайды. Ал отбасымен демалыс уақытында жүрген сәтін бейнеге түсіру үшін, әрине, рұқсатын сұрау керек. Өйткені оның жеке өмірі, бала-шағасы бар, – деді Арман Қырықбаев.

Министр бұл талап адамның жеке өміріне қол сұқпауды көздейтінін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай тәжірибе тек Қазақстанға тән емес, бірқатар шет мемлекетте де қолданылады.

Бұл ойдан шығарылған нәрсе емес. Бұл – әлемде бар үрдіс. Мысалы, Францияда бар. Өзіміз күнде айтып жүрген Араб Әмірліктерінде бұл мәселеге қатаң тыйым салынған. Еуропаның көптеген елінде бұл мәселе үнемі талқыланып, қоғамдық тақырыпқа айналып отыр, – деді министр.

Арман Қырықбаевтың айтуынша, ұсынылып отырған нормалар Конституцияда бекітілген адамның жеке құқықтарын қорғауға бағытталған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх