Шенеуніктер ақбөкенді жоюға қатысты ұсыныстары үшін жауап берсін – Данияр Сабырбаев

28 Шілде 2022, 14:48
2056
Бөлісу:
Шенеуніктер ақбөкенді жоюға қатысты ұсыныстары үшін жауап берсін – Данияр Сабырбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚХП өткізген баспасөз мәслихаты барысында партия төрағасының кеңесшісі Данияр Сабырбаев мәлімдеді. 

Айтуынша, ақбөкенді қорғау бойынша шараларды кейінге қалдыруға болмайды. 

Қазір парадоксалды жағдай қалыптасты. Экология министрі Президенттен ақбөкенді ату идеясын тым белсенді алға тартқаны үшін сөгіс алды. Енді кешенді жұмыс жасап, мәселені шешіп, балама қозғалыс жасау қажет болғанда, министрлік «астындағы атын алты ай іздедінің» кейпін киіп отыр. Бүгінгі таңда шешілуі қажет мәселелер бар. Ең алдымен, бұл киіктердің көші-қон жолдарында инфрақұрылым құру, - деді Данияр Сабырбаев. 

Осы орайда партия өкілі өз тараптарынан қасиетті жануарлардың басын аман сақтап қалу бойынша бірнеше ұсынысты алға тартты. 

ҚХП ақбөкендердің көші-қон жолында жатқан ауылшаруашылық жерлерін қайтаруды қарастыруды, өтемақы схемасын есептеуді және оларды фермерлерге төлеуді бастауды ұсынып отыр. Партияның басқа ұсыныстарының ішінде – экодуктар, киіктер үшін суаттар салу, егістіктер мен жайылымдарды қоршаулармен қорғау, экотуризмді дамыту бар. Біздің негізгі ұсынысымыз – шенеуніктердің ақбөкенді жою туралы ойланбаған ұсынысы үшін жеке жауапкершілігін қарастыру, - деді төраға кеңесшісі. 

Сондай-ақ тиісті ведомствоға өз өтініштерін білдірді. 

Экология министрінен халықтың пікірін елемейтін және сындарлы диалог жүргізуге қабілетсіз, біліктілігі аз шенеуніктерді жұмыстан шеттету мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Жұртшылық, сарапшылар, фермерлер киіктерді жер аударту үшін өз күштерін тегін ұсынғанда, мемлекет  ешқандай шығынға ұшырамайды және министрлік бір ай бойы бұл ұсынысқа тіпті түсініктеме бермеген кезде, сұрақ туындайды, - деді ол. 

Еске сала кетейік, елде жеке шаруа қожалықтарының жайылымдарын киіктердің таптауына және жануарлардың көші-қонына байланысты шығындарға шаруа қожалықтарының шағымданғаны белгілі. Осыдан соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 800 000 басқа жеткен Орал киіктерін атуды ұсынғаны белгілі. Киік мәселесіне байланысты Мемлекет басшысы Экология министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялап, мәселені ғалымдар және мамандармен талқылауды тапсырды.  

Өзгелердің жаңалығы