Шектеу шараларын жалғастыру қажет – Мамин

9 Қыркүйек 2020, 11:11
1529
Бөлісу:
Шектеу шараларын жалғастыру қажет – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдегі эпидемияның тұрақсыздығы вирустың қайтадан өршу мүмкіндігін арттырады, сондықтан алдын алу мен кейбір шектеу шараларын жалғастыру қажет. 

Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.

Үкімет басшысы осыған байланысты бірқатар ведомство мен өңір басшысына тапсырма берді. 

Біріншіден, өңірлердің әкімдері эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстасын, барлық санитариялық нормаларды қатаң сақтасын. Вирустың таралуы мен ауру жұқтыру көрсеткіштерінің өзгеруіне қарай жедел әрі нақты әрекет етсін. Инфрақұрылымды дайындау шараларын қабылдасын және барлық сатыдағы медицина жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Екіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге халық арасында профилактикалық жұмысты күшейтсін. Емханалардың дайындығын бақылауда ұстау қажет және де қауіп тобындағы адамдарды нақты қадағалап тұру керек. Үшіншіден, Цифрлық даму министрлігі Денсаулық сақтау, Ақпарат министрліктерімен бірге халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы