Шекарада заңсыз тауар тәркіленді

4 Қыркүйек 2019, 17:06
1846
Бөлісу:
Шекарада заңсыз тауар тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғастағы шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығы бөлімшесінің шекара наряды Орталық аумағынан өзімен бірге 9 дана құндыз ішіктер алып кірмек болған 25 жастағы қазақстандық әйелді ұстады. Бұл азаматша кедендік және шекаралық тексеруден өтіп болған кезде ұсталып отыр. Заңсыз тауар актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.

" Ал Ақтаудың «Жағалу күзеті» Өңірлік басқармасына қарасты «Актау» атты жылдам жүретін шекарашылар кемесі еліміздің теңіздегі шекарасын күзете жүріп, теңізден ұзындығы 1600 м ау мен 800 дана ілмектер тауып, ауға шырматылған бекіре балықтарын тірідей құтқарды. Мемлекетке келтірілуі мүмкін 1 767 500 теңге шығынның алды алынды", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы