Шекарашылар Каспий теңізінде 100-ден астам браконьерді ұстады

1 Мамыр 2022, 06:39
1759
Бөлісу:
Шекарашылар Каспий теңізінде 100-ден астам браконьерді ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның шекара қызметі басқа да мемлекеттік органдармен және Ресейдегі әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізіндегі браконьерлерге қарсы жедел іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды sputnik.kz.

Олар 52 катердегі 109 браконьерді ұстады. Оларға жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеге айыппұл салынды.

Ұзындығы 300 километрден асатын браконьерлік ау тәркіленді. 575 бекіре балығы мен 4 803 частик балық, сондай-ақ 43 итбалық табиғи ортаға жіберілді, - деп жазылған Қазақстан шекара қызметінің хабарламасында.

Жалпы шығын көлемі 1 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланды.

Өзгелердің жаңалығы