Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті

2 Ақпан 2022, 17:00
1518
Бөлісу:
Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.

2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды.

Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.

Материалдар құзыреттері бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР-дан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығудағы заң талаптарын сақтауды және декларациялау қажеттігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы