Шекарашылар донор күнін ұйымдастырды

4 Қараша 2019, 15:05
2254
Бөлісу:
Шекарашылар донор күнін ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Орталық аппаратында  жылдағы дәстүр бойынша донор күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығының мамандарына 50 әскери қызметші өз еріктерімен донорлық қан тапсырды. Іс-шараға Шекара қызметінің Әскери-медициналық басқармасы мұрындық болды. 

Шекаршылардың бұл іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты халықтың денсаулығына үлес қосып, ауыр науқастардың сауығып кетуіне «Қарлығаштың қанатымен су сепкендей» - болса да қолдан келген көмектерін көрсету болып отыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы