Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қырғызстандықтар ұсталды

20 Сәуір 2023, 21:20
702
Бөлісу:
Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қырғызстандықтар ұсталды
PHOTO
Фото: Егемен Қазақстан

Шекарашылар Жамбыл облысында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Қырғызстанның үш азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 және 17 сәуірде Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Ақсу және Кеңес шекара бөлімшелерінің учаскелерінде мемлекеттік шекараны бұзған Қырғызстанның үш азаматы ұсталды. Ұсталғандарға қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр,-  делінген ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.

Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қырғызстандықтар ұсталды

Сонымен қатар 14 сәуірде Жамбыл облысындағы «Сыпатай батыр» автомобиль өткізу бекетінде шекарашылар Қырғызстаннан Қазақстанға темекі өнімдерінің ірі партиясын – 20 160 қорап темекіні заңсыз әкелу әрекетін тоқтатты. Тауардың алдын ала сметалық құны шамамен 5,4 миллион теңгені құрайды.

Анықталған жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін Меркі аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.

Өзгелердің жаңалығы