Шекарадан өте алады, бірақ тіркеле алмайды. ІІМ-де оң рөлдегі көліктер туралы айтты

8 Қараша 2021, 21:41
1129
Бөлісу:
Шекарадан өте алады, бірақ тіркеле алмайды. ІІМ-де оң рөлдегі көліктер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте айтты.

Рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерді Қазақстанда тіркеуге тыйым салынған. Ол 2008 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Сол уақыттан бері олар Қазақстанда тіркелмейді, - деді ол.

Түсіповке оң рөлдегі көлікті сатып алғандар Қазақстан шекарасына өткен деректер бойынша сұрақ қойылды.

Бұл жерде тіркеуге рұқсат жоқ. Яғни, біз азаматтарға қандай да бір мүлікті сатып алуға тыйым сала алмаймыз. Бұл - Конституцияда көрсетілген оның құқығы. Алайда заң бойынша ондай көлікпен қозғалу үшін ол Қазақстанның тіркеуінде болуы керек. Осыны түсінген абзал. Ресейде сатып алған көлік болса, Ресейдегі бұл көліктің бұрынғы иесі автокөліктің Қазақстанда тіркелуі керегін біліп, белгілі бір уақыттан кейін сол жақтағы есептен шығарады. Ал қазақстандық азаматтар Қазақстан шекарасында бұрынғы құжаттарымен пайдалануды жалғастыра береді. Ал бұлай істеуге болмайды. Себебі көлік есептен шығарылған, - деді ол.

Түсіпов заң бойынша көлік тек тіркелген жағдайда ғана қозғала алатынын еске салды.

Заң талаптарын орындау керек. Қазір қазақстандық есепте 4,2 млн техника бірлігі тіркелген. Бұл талапты қазақстандық жүргізушілер толық орындап жатыр. Сондықтан белгілі бір санатқа жеңілдік жасау заңда қарастырылмаған. Сондықтан бұл көліктерді тіркеу керек не осыған дейінгі иесімен мәселе шешілмегенше пайдаланбау керек, - деді Түсіпов.

Өзгелердің жаңалығы