Шекарадағы жағдай: Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына "құлақ салмауда"

10 Маусым 2020, 13:14
1841
Бөлісу:
Шекарадағы жағдай: Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына "құлақ салмауда"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы Қырғыз Республикасы бір жылдан аса қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы мәселені қайта-қайта ушыға көтеруде. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы уақытқа дейін Қазақстан көршілерді жүктердің жылжуының ашықтығын цифрлық технологияларды қолданып, жылжыған көлік құралдары бойынша деректерді алмасу, жүк көліктеріне электрондық бітеме қолдану және басқа тәсілдер арқылы кешенді шешуге сәтсіз шақыруда.

Өткен жылдың басынан бастап ағымдағы жылдың маусымына дейін қазақ-қырғыз шекарасы арқылы Қазақстан мен Ресей бағытында 80 мыңға жуық жүк автокөлік құралдары кесіп өткен. Оның ішінде 1547 көлік құралдарына талдамалы тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 1505 жағдай бойынша Қазақстанның салық заңнамасын өрескел бұзушылық анықталды. Мәселен, Қазақстан мене Ресейде жалған алушылар көрсетілген, кеденді кесіп өткен тауарлар ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарларға сай келмеген. Нәтижесінде 5 млн АҚШ долларынан аса сомаға салықтық төлемдер қосымша есептелген.

Көрсетліген фактілерге қарамастан, "аңыздағы кедергілер" мәселесін қоздыруды жалғастыра отырып, Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына "құлақ салмауда". Біздің әріптестеріміздің мұндай мінез-құлығы ҚХР-дан ЕАЭО елдері аумағына ең алдымен халық тұтынатын тауарларды заңды түрде жылжытпау мақсатында адал ынтымақтастықтан әдейі бас тартып отыр деген әділ күдіктерге алып келеді. Бұған аталған мәселені тым ушықтыру, ақпараттық шабуылдар мен осы мәселені еш қатысы болмаса да ДСҰ амуағында қарау дәлел бола алады.

Мәселе "тым ушықтырылғандығына" шекараның өткізу бекеттерін екіжақты кесіп өту хронометражын жасау да куә бола алады. Мәселен, бекеттердің өткізу қабілетіне сәйкес бір уақытта тексерісті 20 автокөлік өте алады, бұл ретте шекараның қазақстандық бөлігінде бақылау жүргізу 20-22 минутты алады, оның 3-5 минуты салықтық бақылау үшін құжаттарды сканерлеуге кетеді. Бұл 2020 жылғы 3 маусымда болып өткен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының жұмыс топтарының екіжақты кездесуінің хаттамасында бекітілген.

Бұл ретте соңғы айларда бақыланған шекараның қазақ-қырғыз бөлігінде автокөліктік құралдардың белгілі бір жинақталуы бірқатар объективті себептерге байланысты болып отыр.

Біріншісі, COVID-19 пандемиясына байланысты 7 автокөлік өткізу бекетінен 5-еуінің ғана жұмыс істеуі. Пандемияға қарамастан, Қазақстан жүктер тасымалы үшін өткізу бекеттерінің барлығын бірдей жапқан жоқ, тек қана бекітілген сантариялық-карантидік нормаларды сақтай отырып, қолданыстағы өткізу бекеттерінің санын азайтты.

Эпидемиялогиялық жағдайдың жақсаруына байланысты бүгінгі таңда жақын уақытта барлық өткізу бекеттерінің жұмысын жаңарту туралы шешім қабылданды. Мәселен, бүгіннен бастап "Сыпатай - Батыр" өткізу бекеті өз жұмысын бастайды, ол қолданыстағы өткізу бекеттерінің жұмысын жеңілдетуге және жүк көліктерінің шекара арқылы өтуін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Өткізу бекеттерін жабу туралы шешімді Қазақстан коронавирус инфекциясын әкелуді және таралуды болдырмау мақсатында қабылдады. Эпидемиялық әл-ауқат мәселелері ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне жатады, ол ұлттық үкіметтің айырықша құзыретіне жатады. Жалпы мемлекеттік шекараның бойында барлығы 20 өткізу бекеттері жабылды. Негізінен бұл жеке тұлғалар көп өтетін бекеттер болып табылады, – деп хабарлады Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі.
Тағы бір фактор жеміс-көкөніс өнімдерінің пісу маусымының басталуына байланысты тасымалдайтын үлкен жүк көліктері санының дәстүрлі өсуі болды. Мысалы, өткен жылдың мамыр айында 7 өткізу пункті арқылы 5 589 автокөлік өтті және өткізу бекеттерінде орташа жиналу 60-70 автокөлік болды, ағымдағы жылғы мамыр айында 2 өткізу пункті арқылы 4 261 автокөлік шекарадан өтті, бұл ең жоғары күндері күніне 500-ге дейін автомашиналардың жиналуын тудырды.

Осылайша, көлік құралдарының өту жылдамдығы әрбір өткізу пунктіне келетін көлік құралдарының санына байланысты баяулады. Шекарадан өту кезінде басымдық жеміс-көкөніс және басқа тез бұзылатын өнімдер тиелген автокөлікке берілетіндігін атап өту қажет.

Бұған дейін атап өтілгендей, бірнеше өткізу пункттерінің жабылуы еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған амалсыз шара болды. Мұндай шешімдер ұлттық деңгейде қабылданады.

Бұдан басқа, қырғыз тарапының тікелей өткізу пункттерінде карантиндік-бақылау шараларын жүргізуі қырғыз тарапында кептелудің себебі болып табылады. Өткізілетін іс-шаралар CОVID-19-ға жедел-тестілеуді, жүргізушілерге сауалнама жүргізуді, сондай-ақ көлік құралдарын санитарлық өңдеуді қамтиды. Мұның бәрі жалпы алғанда жеткілікті ұзақ уақыт алады.

Өз кезегінде қазақстандық тарап шекарада карантиндік нормаларды сақтау үшін тек жүргізушілерге сауалнама жүргізеді. Рәсім шекаралық тексеру кезінде жүргізіледі және қосымша уақыт алмайды. Бұдан әрі Қазақстан аумағында үлкен жүк көлік жүргізушілерінен ТПР-талдау алынады. Жүргізуші тест нәтижелерін күтпейтінін атап өткен жөн, ол келісілген бағыт бойынша жіберіледі. Талдаулардан инфекция анықталған жағдайда жүргізушіні сауалнаманың мәліметтері бойынша табады. Тест теріс болған жағдайда жүргізуші белгіленген жерге кедергісіз жүре береді.

Жалпы, шығатын жүргізушілерді жедел тестілеуден өткізу мақсаты түсінікті емес. Барлық халықаралық ережелер бойынша мемлекет қауіпсіздікті өз аумағында қамтамасыз етеді. Алайда, егер біздің қырғыз әріптестеріміз осындай жолмен көрші елдерді "қауіпсіздендіруді" шешсе де, бұл тестілеуді өткізу пунктінде не үшін өткізу керек, себебі бұл талдауды оған кіре берісте де тапсыруға болады? - Сауда және интеграция министрлігінде деген өзекті мәселе қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы тауарлардың қозғалысы үшін ешқандай кедергілер орнатып жатпағанын тағы да растағым келеді.

Айта кету керек, бұл мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия алқасымен екі рет қаралып, талқылауы 4 сағаттан алатын, нәтижесінде Алқа Қазақстанның іс-қимылында кедергілердің бар екендігі туралы шешім қабылдамады. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық және салықтық бақылауды жүзеге асыру бөлігіндегі іс-әрекеттері ЕЭК Алқасымен бұл шаралар тек ұлттық құзіретке ғана жататынын ескере отырып, заңды деп танылды.



Өзгелердің жаңалығы