Шекара қызметі: Ресеймен шекарада белгі қойылуы тиіс үш жүз шақырымдай жер бар

16 Ақпан 2023, 13:02
1599
Бөлісу:
Шекара қызметі: Ресеймен шекарада белгі қойылуы тиіс үш жүз шақырымдай жер бар
Фото: mail.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов шекара мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Бүкіл еліміздің шекарасы аумағына қатысты шешілмеген мәселелер бар ма?» деп сұрады тілшілері ҰҚК өкілінен. 

Қазіргі сәтте мемлекеттік шекарада даулы немесе шешілмей тұрған мәселе жоқ. Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекараға қатысты мәселе толықтай жабылды. Қырғызстанмен де проблема жоқ. Түркменияға қатысты мәселе қалды. Өзбекстанмен де бар. Ресеймен тек Шығыс Қазақстан облысындағы жерлерге байланысты жұмыстар бар. Ол біраз уақытты талап етеді. Ол да дер кезінде шешіледі деп ойлаймын, - деп атап өтті Шекара қызметінің дирек торы Сенат отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Ресеймен шекара ең үлкені ғой. Әлемдегі ең үлкен шекара – 7,5 мың шақырым сол. Шығыс Қазақстан облысының аумағында жатқан бір бөлік қалды. Ол жерде таулы өлке орналасқан. Шегендеудің өзі екі кезеңдік жұмыстан тұрады: мемлекеттік шекараның сипаттамасы жазылатын теориялық-жазбаша және шекараға барып, шекара сызығы қай жерден өтетінін анықтайды. Сондықтан климаттық, ауа райы жағдайын, сол жердің рельефтерін ескере отырып, жұмыс біртіндеп жүргізілуде. Былтыр Шемонаиха ауданында жұмыс істелді. 50 пайыздай жұмыс қалды. Ресеймен үш жүз шақырымдай шекара аумағында белгі қойылған жоқ. Жұмыс жоспарға сай жалғасады, - деді Ерлан Алдажұманов. 

Өзгелердің жаңалығы