Шекара мәселесі бейбіт жолмен шешілуі тиіс – Мемлекет басшысы

14 Қазан 2022, 16:40
1503
Бөлісу:
Шекара мәселесі бейбіт жолмен шешілуі тиіс – Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Орталық Азия-Ресей саммитінде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Тоқаевтың айтуынша, әлемдегі жағдай тез өзгеруде.

Бізге өзара әріптестікті тетіктерін жүйелі түрде жетілдіру қажет.  Мәселен, аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері мен қақтығыстарды тудыру үшін гибридті және ақпараттық технологияларды пайдалану болып отыр. Осыған байланысты мен елдеріміздің Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттарына алдын алу шараларының тетігін әзірлеу және құру бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсыруды ұсынамын, – деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, қазіргі өзара іс-әрекет тетіктері жүйелі түрде жетілдіруді қажет етеді. Оның айтуынша, аймақтағы ахуалды тұрақсыздандыруға тырысу, қақтығыстарды өршіту үшін гибридтік және ақпараттық технологияларды пайдалану – осының  айқын мысалы. Осыған байланысты елдердің қауіпсіздік кеңестері аппараттарына алдын алу шараларының механизмдерін әзірлеу және жасақтау туралы ұсыныс беру жөнінде айтылды. Бұл істе ақпарат алмасуға және қауіп-қатерді алдын ала анықтауға баса мән берілуге тиіс.

Өзгелердің жаңалығы