Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. «Бурабай» шаңғы базасында жүгіруден RED BULL 400 халықаралық жарыс басталды.
«Щучинскіде Rull bull 400 биікке экстремалды жүрігу жарысы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ал жалпы елімізде осымен 4-рет өтіп жатыр. Бұған дейін Алматы да үш рет өткізілді. Бұл халықаралық деңгейдегі жарыс 2004 жылы Австрияда бастау алды. Жарыс қатысушылары трамплинмен 400 метр жоғарыға қарай жүгереді. Экстремалды жүгіруге жеке және төрт адамдық командамен топтық құрамда қатысуға болады» - деді халықаралық экстремалды жүгіру жарысының бас төрешісі Тимур Артюхин.
Жарысқа 300 жуық адам қатысып жатыр. Оның ішінде 250 қазақстандық, Ресейден 7-еу, АҚШ-тан -2 адам, Әзербайжан, Қырғызстан және Чехиядан 1 қатысушы бақ сынауда. Оның 200 астамы ер адам, қалғаны әйелдер.
«Шараға қатысқысы келетіндер саны жыл санап артып келеді. Биыл Алматыдағы сынға 700-ден астам адам қатысты», - деді ол.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға қаржылай сыйақы беріледі. 1-орынға – 300 мың теңге, 2-орынға – 200 мың теңге және 3-орынға – 100 мың теңге табыс етіледі. Одан бөлек, әрбір қатысушыға медаль беріледі.