Шәйнек ішінен тыйым салынған зат табылды

15 Тамыз 2021, 06:20
4342
Бөлісу:
Шәйнек ішінен тыйым салынған зат табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға кеше Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Ерекше режимдегі мекеменің қатаң ережесін бұзған азаматша сәлем-сауқат арқылы жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел ақпаратқа сәйкес, мекеме қызметкерлері қамаудағыларға келіп түскен сәлемдемені тексеру барысында күдікті затты байқап, оны жіті тінту кезінде шәйнек ішінен 1 дана құлаққап, 2 дана USB тоғы және Теle2 операторының 1 дана симкартасымен флэшкарта бар екендігін анықтаған. Атаулы сәлем-сауқат шымқалалық азаматшадан мекемеде жазасын өтеушінің біріне жолданыпты.

Қазіргі таңда заңды бұзған азаматшаны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабы бойынша жазаға тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деп мәлімдеген ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы