Шайх-Хасан Жазықбаев – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары

12 Қараша 2023, 01:35
724
Бөлісу:
Шайх-Хасан Жазықбаев – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары
Фото: gov.kz

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен генерал-майор Жазықбаев Шайх-Хасан Сатарқұлұлы ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан армиясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімдердің командирі, штаб бастығы – «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін үздік бітірді, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты.

II дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы