Шайбалы хоккейден ӘЧ: Еліміздің әйелдер құрамасы ІІ дивизионда тағы жеңіске жетті

9 Сәуір 2024, 05:19
287
Бөлісу:
Шайбалы хоккейден ӘЧ: Еліміздің әйелдер құрамасы ІІ дивизионда тағы жеңіске жетті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстан құрамасы Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизионында тағы жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім етті.

А тобының 2-турында біздің команда Қытайдың Тайбэйіне жауапсыз 3 шайба соқты. Қарсылас қақпасын дәл көздегендер: Александра Шегай, Юлия Буторина, Анастасия Оразбаева.

Енді Қазақстан 10 сәуірде Исландиямен (Астана уақытымен 16:00) шеберлік байқасады. Жарысқа 6 құрама (Испания, Мексика, Тайпей, Исландия, Бельгия, Қазақстан) қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы