Шайбалы хоккей: Ұлттық құраманың А тобындағы қарсыластары анықталды

5 Сәуір 2024, 04:15
383
Бөлісу:
Шайбалы хоккей: Ұлттық құраманың А тобындағы қарсыластары анықталды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

7-13 сәуір аралығында Андорраның Канильо қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизиондағы матчтары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

А тобында Қазақстанмен қатар Испания, Мексика, Қытайдың Тайбэйі, Исландия, Бельгия құрамасы бақ сынайды.

Алғашқы турда Ұлттық құрама Мексикамен (Астана уақытымен 16:00-де) ойнайды. Одан кейінгі матчтар кестесі мынадай:

8 сәуір

Қазақстан – Қытайдың Тайбэйі (Астана уақытымен 16:00)

10 сәуір

Қазақстан – Исландия (Астана уақытымен 16:00)

11 сәуір

Бельгия – Қазақстан (Астана уақытымен 19:30)

13 сәуір

Испания – Қазақстан (Астана уақытымен 23:00).

Өзгелердің жаңалығы