Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютін қашан өткізеді

25 Желтоқсан 2019, 22:48
1657
Бөлісу:
Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютін қашан өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. UFC-дегі алғашқы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың дебюттік жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы UFC туы астындағы алғашқы кездесуін 2020 жылдың көктемінде өткізеді. Бұл туралы Sport24.ru-ға берген сұқбатында Шавкаттың менеджері Саят Абдрахманов айтты.

Шавкат UFC-дегі дебютін Мәскеудегі турнирде өткізуі керек еді, бірақ жарақатына байланысты кездесуден бас тартуға тура келді. Ол әлі толыққанды жаттығу процесіне кіріскен жоқ. Бірақ, наурыз айында дайын болады деп ойлаймын. Бізге наурыздың ортасына қарай жекпе-жекке шығаруға уәде берді. Енді оның толыққанды жаттығуды бастауын күтіп отырмыз. Шавкаттың дебютін біз ғана емес, бүкіл жанкүйер күтіп жүргені сөзсіз, - деді спортшының менеджері. 

Шавкат Рахмонов - американлық атақты промоушенмен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық файтер. Ол бұған дейін 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Өзгелердің жаңалығы