Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

19 Наурыз 2023, 12:09
1398
Бөлісу:
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

UFC 286 турнирі аясында өткен баспасөз мәслихатында ММА президенті Дана Уайт қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Журналистер Белал Мұхаммедтің келесі қарсыласы кім деп сұрады UFC басшысынан.

Рахмонов. Біз жекпе-жек жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмыз, - деп жауап берді Дана Уайт.

Америкалық Белал Мұхаммед (22-3-0-1)  2022 жылдың 22 қазанында Абу-Дабиде өткен UFC 280 турнирінде америкалық Шон Брэдиді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Одан кейін жекпе-жек өткізбеген. Шавкат Рахмонов өзінің алдыңғы жекпе-жегінде 4 наурызда америкалық Джефф Нилді үшінші раундта жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы