Шавкат Рахмонов UFC 296 алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

16 Желтоқсан 2023, 12:31
657
Бөлісу:
Шавкат Рахмонов UFC 296 алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Фото: instagram.com/ufceurasia

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Рахмонов таразыда 77,56 келі салмақты көрсетті.

Еске сала кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жек 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтетін UFC 296 турнирінде өтеді.

Басты шайқаста жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы британдық Леон Эдвардс (21-3) америкалық Колби Ковингтонмен (17-3) кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы