Шәукенова: Қазақстанның күші мен ерекше қасиеті - оның көп ұлттылығында

25 Сәуір 2023, 10:41
1269
Бөлісу:
Шәукенова: Қазақстанның күші мен ерекше қасиеті - оның көп ұлттылығында
Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстанның күші мен ерекше қасиеті оның көп ұлттылығында. Мұндай пікірді Қазақстан халқы Ассемблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, ҰҒА академигі Зарема Шәукенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыс және Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен кеңес барысында этносаралық қатынастар саласы жұмыстың ең өзекті бағыттарының бірі болып қала беретінін ерекше атап өткен болатын.

Мемлекет басшысы өз сөзінде этносаралық келісімді бекіту еліміздің тұрақты дамуының іргетастарының бірі екенін жеткізді. Сонымен қатар Президент рухани құндылықтарды сақтау қажеттілігіне және осыған байланысты өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу мәселесінің маңыздылығына назар аударып, дін саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Елімізде этносаралық қатынастарды реттеудің жетекші әлеуметтік-саяси институты - Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА). Ассамблея Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылған болатын. ҚХА-ның негізгі функциялары мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ету.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасында» ҚХА іс жүзінде этносаралық қатынастарды бірлескен мемлекеттік-қоғамдық реттеу институты ретінде әрекет ететіні белгіленген. ҚХА мемлекеттік басқару органдарының қоғамдық ұйымдармен тікелей және кері байланыстарын институционализациялау функциясы арқылы этносаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған саяси жүйе мен азаматтық қоғам арасын байланыстырушы дәнекер. Бұл әсіресе «мәдени әралуандылық және мәдениетаралық диалогты дамыту мәселелері тек үкіметтердің ғана емес, сонымен қатар білім беру құрылымдары, азаматтық қоғам институттары және жеке сектор сияқты қоғамның басқа сегменттерінің де құзыретіне жатады» деген мәдениетаралық тұжырымдама шеңберінде өте маңызды, - дейді Шәукенова.

Институционалдық даму барысында ҚХА мемлекеттің саяси жүйесінің толыққанды институтына айналды. Оған өкілеттіктер мен мәртебелер жеткілікті деңейде берілген. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы - нағыз инклюзивті қоғамға, соның ішінде барлық азаматы саяси және әлеуметтік-экономикалық даму процестеріне белсенді қатысатын қоғамға қарай ілгерілеуді қамтамасыз ететін көп өлшемді және тиімді институт.

Консультативтік-кеңесші орган ретінде пайда болған Ассамблея өзінің қызмет ету жылдарында конституциялық мәртебеге және парламенттік өкілдік ету құқығына ие болды. Бұл ретте Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою туралы мәселе ерекше назар аударуға лайық. Шындығын айтсақ, ҚХА депутаттарының сайлау процесі үнемі көптеген пікірталасты тудырды. Енді бұл мәселе өз шешімін тауып, ҚХА-дан ұсынылған кандидатураларды Мемлекет басшысы тағайындау арқылы ҚХА квотасын 5 депутатқа дейін қысқарту және Сенатқа беру сияқты тиімді және заңды механизм ұсынылды, - деп түсіндірді сарапшы.

Сөзінше, ҚХА-ның заманауи міндеттері мен бағыттары бастапқыда белгіленген шеңберден әлдеқайда асып түседі. Көп жағдайда қазақстандық этностар Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы кез келген мәселеге бүкіл мемлекет пен қоғам тұрғысынан қарауды үйренді. Сондықтан қиындықтарға қарамастан, мемлекеттің этносаралық қатынастар саласында жүргізіп жатқан саясаты тиімді болып, ҚХА қоғамды топтастыру мен біріктіру үшін қажетті институт болып қала береді. Ассамблея бастапқыдан этностардың қоғамдық өміріне араласып, ондағы негізгі орынға ие болды.

Қазақстанның заманауи дамуының ерекшелігі – бір елде бірнеше ұлт өкілдерінің қатар өмір сүру тәжірибесі. Бұл мүдделері іс жүзінде тоғыспайтын әртүрлі этностардың жай ғана тіршілігі емес, бұл ортақ мақсаттары, мектептер мен университеттердегі ортақ білімі, достық қарым-қатынасы, еңбек ұжымдарындағы әріптестердің қарым-қатынасы бар ортақ жатақхана сынды. Қазақстанның күші мен ерекше қасиеті оның көп ұлттылығында екенін назарда ұстаған жөн. Әлеуметтік желілердегі реакцияларды қарасақ, біздің азаматтар араздық идеологиясын қабылдамайды. Қазақстандықтардың басым көпшілігі тұрмыстық жанжалдарды ұлтаралық араздыққа ұластыруға жол берілмейтінін мәлімдей отырып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіреді, - деп айтты ол.

Сонымен қатар осындай қақтығыстарда Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеттерінің бірі саналатын ұлтаралық бейбітшілікті сақтау мәселесін шеше алмай келе жатқандығына қатысты сын үнемі айтылып келеді.

Өмір ұлтаралық қатынастарды мемлекеттік-қоғамдық реттеу саласындағы жұмысты жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Осы орайда, ұлтаралық қатынастарға тұрақты мониторинг жасауға, халыққа сауалнама жүргізу және өңірлерді толғандыратын мәселелер бойынша қоғамдық пікірге назар аудару қажет. Бұл жағдайды бақылауға, жанжалды және арандатушылық жағдайларға жол бермеу бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар мен тиімді механизмдерді әзірлеуге, ұлтаралық қатынастар саласындағы оқиғалардың кері дамуына жол бермеуге мүмкіндік береді. ҚХА-ның әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жұмыс істеуі ерекше тәсілді қажет етеді.

Шетелдік сарапшылардың еңбектерінде ҚХА-ның этносаралық қатынастар саласындағы елде қалыптасқан саясаттың халықаралық деңгейде мойындалған көпмәдениеттілік пен этносаралық бірліктің нормативтік мұраттарына үстірт, формальды сәйкестігін көрсетуге арналған «жасанды демократия» институты екендігі туралы тезисті жиі кездестіруге болады. Менің ойымша, ҚХА - этносаясаттың бірегей институционалдық нысаны, ол Батыстың либералды демократия институттарының арсеналынан алынбаған, біздің республика үшін ұлтаралық қатынастарды реттеудің шынайы үлгісі. Сонымен қатар ҚХА этносаясаттың либералды-демократиялық принциптері мен құндылықтарын «шоғырландырылған демократияны» алға тартқан көптеген этносаясат институтына қарағанда толық және мұқият жүзеге асырады, - деп санайды ҰҒА академигі өз сөзінде.

Қазіргі саяси теория ұстануды қажет ететін мәдениетаралық қағидаттар алғашында ҚХА-ның ұлтаралық қатынастарды кешенді мемлекеттік-қоғамдық реттеу, полиэтникалық және көпмәдениетті қазақстандық қоғамның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігін нығайту институты ретіндегі қызметіне негізделді.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзіндегі түйінді ой – мемлекет те, мемлекеттен бөлек азаматтық қоғам да этносаралық қатынастар саласындағы теріс үрдістерді алдын алу және ықтимал қауіп-қатерлерді бейтараптандыру үшін белсенді механизмдер жүйесін жасап, қалыптастыруды қамтамасыз ете алмайды. Бұл аса маңызды міндетті жүзеге асыру орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті билік органдарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бүкіл азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерін қажет етеді, - деп сөзін толықтырды ол.

Өзгелердің жаңалығы