Шатыркөл байыту фабрикасында алғашқы мыс концентраты өндірілді

11 Шілде 2024, 06:50
575
Бөлісу:
Шатыркөл байыту фабрикасында алғашқы мыс концентраты өндірілді
Фото: gov.kz

«Қазақмыс» компаниялар тобының жаңа кәсіпорны – Шатыркөл байыту фабрикасында алғашқы мыс концентраты өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дайын өнімнің құрамында 19,28 пайыз мыс бар. Қазіргі уақытта технологиялық процестерді реттеу және концентратты қатар шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал, осы жылдың қазан айына дейін толық қуатқа көшпек.

Осылайша, зауыт Шатыркөл және Жайсан кен орындарынан жылына 1,2 млн тоннаға дейін кен өңдейтін болады. Жоба 347 жұмыс орнын ашуды көздейді.

Cонымен қатар өнімді тасымалдау көлемін азайту арқылы жолдағы шаң айтарлықтай төмендейді. Ал жақын елді мекендер кәсіпорынның әсер ету аймағынан 20 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан.

Шатыркөл байыту фабрикасында жаңа өрт депосы, медициналық пункт, сондай-ақ заманауи өрт дабылы, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі қарастырылған. Фабрикада технологиялық процестерді басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйелері енгізілді. Бұл өндіріс тиімділігін арттыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейіне ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы