Шарында зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

8 Маусым 2021, 09:31
2361
Бөлісу:
Шарында зардап шеккен екі адам ауруханадан шықты

Алматы, BAQ.KZ. Шарын шатқалындағы селден зардап шеккен екі адам Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасынан шығарылды.

Жедел жәрдем бригадасының сүйемелдеуімен 23 жастағы Мадина 29 мамырда №4 қалалық аурханаға жеткізілген. Мадина сол экскурсияда гид болған.

Шарын шатқалындағы сел көшкіні кезінде 4 оқушымен бірге сел тасқынына түсіп, жарақат алдым. Алғашқы сағаттар жарақат сезінбеді, маған балаларды автобусқа жинау, қалғандарын табуға көмектесу және ата-аналармен кездесу қажет болды. Ата-аналар балаларды таратып алып кеткеннен кейін, артымнан әпкем келгенде, мен аяғымның ауырсынуын және қатты бас айналуын сезіндім. Бір сәтте есімді жоғалтып, ауруханада ғана өзіме келдім, - дейді Мадина.

Туристік автобуспен қызды қалаға алып келіп, содан кейін жедел медициналық жәрдем көлігімен туыстарымен бірге №4 ҚК-ның жарақат пунктіне түскен.

Науқас бірден реанимация бөліміне жеткізіліп, кешенді тексеруден өтті, құрамында травматолог, терапевт, анестезиолог бар дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қарады. Бейінді бөлімшеде толық ем-шараларды алып шықты, - дейді №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Екінші науқас Ұлжан есімді №199 мектеп-гимназиясы педагогы. 29 мамырда ол Шарын шатқалына экскурсияға мектеп оқушылары тобымен бірге барған. Төтенше оқиғаның нәтижесінде мұғалім жабық бас сүйек-ми жарақатын, бас миының шайқалуын, дененің, аяқ-қолдың көптеген жарақатын алған. Оқиға болған күні жедел жәрдем көлігімен Ұйғыр орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, ал 30 мамырда №4 Қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне өз бетінше жүгінді.

30 мамырда науқас бейінді бөлімшеге жатқызылып, медициналық көмектің толық көлемін алды. Шарын каньонында зардап шеккендермен бірге психологтар жұмыс істеді, бүгінде олар тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық емделуге жақсартылып шығарылды, - дейді аурухананың бас дәрігері.
Өзгелердің жаңалығы