Шарын шатқалында Қызыл кітапқа енген сақалтай көзге түсті

Бөлісу:
Шарын шатқалында Қызыл кітапқа енген сақалтай көзге түсті
Фото: Видеодан скрин

Сақалтай Қазақстанның Қызыл кітабына 3-ші санат бойынша енгізілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Теңіз деңгейінен 2000-4000 метр биіктіктегі шың-құздарды мекендейтін құстың сипаты желі қолданушыларының қызғушылығын тудырды.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында инспекторлар рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сақалтайды кездестірді. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына 3-ші санат бойынша енгізілген. Бұл жыртқыш құстардың ең ірі түрлерінің бірі, салмағы 6 келіге дейін, ал қанаттарының құлашы 275 сантиметрге дейін жетеді, - дейді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі.

Шарын шатқалында Қызыл кітапқа енген сақалтай көзге түсті

Сақалтай ұяларын жартас қуысына, жартылай үңгірге, сирек тік жартастардың ернеуіне бір-бірінен 1-3 шақырым қашықтықта салады.

Өзгелердің жаңалығы