Шаруаның шығыны шаш-етектен: Жамбылда қуаңшылықтан 347 шаруа зардап шегіп отыр

15 Тамыз 2023, 21:48
785
Бөлісу:
Шаруаның шығыны шаш-етектен: Жамбылда қуаңшылықтан 347 шаруа зардап шегіп отыр
Фото: baq.kz

Жамбылда ағын су тапшылығынан алқаптары қурап қалған шаруалардың шығыны 3,5 миллиард теңгеден асты. Көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін qazaqstan.tv-ға берген мәліметінде аймақтағы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар су келмесе жағдай қиындай түседі деп дабыл қағып отыр. Өңір бойынша диханшылықты кәсіп еткен 347 шаруаның шығынға ұшырағаны белгілі болды. Ал 7 800 га құрайтын қант қызылшасы мен жүгері алқаптары қаңсып қалған. Сондай-ақ көкөніс пен бақша дақылдары қурап қалды. Әсіресе қуаңшылықтан қатты қиналып отырған аудандардың көш басында Қордай мен Байзақ аудандары тұр. Қазір арнайы комиссия қураған егістіктің есебін жүргізуде. Шығын көлемі Қазақ ғылыми-зерттеу институты бекіткен технологиялық карта бойынша анықталуда. Жамбылда тағы төрт аудан төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр. Бірақ мұндай шешім қашан шығатыны белгісіз. Ал өткен аптада өңірге барған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шаруалардың шығынын көтеру бойынша көмек көрсетілетінін айтқан болатын.

Қазір әлі тексеру зерделеу анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Аудандарда комиссия құрылған. Вегетациялық кезең әлі жүріп жатыр. Негізгі мынау қант қызылшасы, жүгері, көкөністер осы тамыз-қыркүйек айларында әлі суды қажет етеді. Сондықтан ары қарай тағы да бізде осындай күйіп кету қаупі бар. Сондықтан әлі жұмыстар жүріп жатыр, - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков.

Өзгелердің жаңалығы