Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан айында 91 жасқа толатын ғалым, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды.
Екпе алғандығы туралы ғалым Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Ол Sinopharm шығарған белсенді емес Vero Cell вакцинасын салды.
Бүгінде бүкіл әлем қауіпті инфекциямен күресуде. Бұл - коронавирус. Қауіпті инфекциядан құтылудың бір ғана жолы бар - ол вакцинация. Менің ойымша, екпе алу арқылы тек өзіңді ғана емес, туыстар мен достарымызды да қорғайтынымызға көзім жетті, - деді академик.
Шарманов қазіргі таңда көптеген жалған ақпарат тарап жатқаны туралы да айтты.
Қазір вакцина қауіпті деген жалған ақпарат таратылуда. Сенбеңіз, вакцина -бұл қорғанудың жалғыз жолы және жақын адамдарыңызбен бірге болудың жалғыз мүмкіндігі. Маған ештеңе болған жоқ, Мен өзімді жақсы сезінемін, екпе алғаныма қуаныштымын, - деді ғалым.