Шарлапаев утиль алымға келіспейтіндер туралы пікір білдірді

2 Тамыз 2024, 10:48
1149
Бөлісу:
Шарлапаев утиль алымға келіспейтіндер туралы пікір білдірді
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алым мен алғашқы тіркеуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет органдар ресми позициясын айтты.Меніңше, бұл позиция туралы қайталаудың керегі жоқ. Бәрі заң аясында қаралды,ал мемлекет соған орай шешім қабылдады. Ал, тағы басқа да іс-әрекеттер жасаймын деген азаматтар туралы айтсақ, олардың жеке өздерімен талқылау керек деп ойлаймын, - деді Шарлапаев Ақордада.

Шарлапаев утиль алымға келіспейтіндер туралы пікір білдірді

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Құрылыс министрінен "үй бағасы туралы болжамыңыз қандай?" деп сұрады.

Бұл сұрақты сарапшыларға қою керек деп ойлаймын. Біздің қазіргі мақсатымыз - су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды үймен қамтамасыз ету. Ал, баға туралы айтсақ, нақты болжам жасайтын мамандарға жүгінген жөн, - деді Қанат Шарлапаев.

Өзгелердің жаңалығы