Шардаралық диқандар 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді

16 Маусым 2020, 13:06
1684
Бөлісу:
Шардаралық диқандар 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Шардара ауданының диқандары 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Өнім Қазақстан аумағына және ТМД елдеріне жөнелтілген. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 80-95 теңге аралығында сатып алуда.

Айта кетерлігі, биыл ауданда 10710 га жерге бақша өнімдерін егу жоспарланған. Қазіргі таңда 7380 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Егістік алқаптарына минералды тыңайтқыштар тасымалданып жатыр. "Нимэкс", "Мырзакент" ЖШС шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алған.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп, ақпан айына 780 тонна, наурызда 780 тонна, сәуір айына 910 тонна және мамыр айына 650 тонна жеткізілген. Сондай-ақ, операторлардың жанар-жағармай бекеттерінде жеңілдетілген бағада 160 теңгеден жанармай босатылуда.

Өзгелердің жаңалығы