Шәпкенов «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды

9 Мамыр 2022, 18:16
2845
Бөлісу:
Шәпкенов «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін атыраулықтар Жеңіс күніне орай Жеңіс саябағындағы «Мәңгілік алау» монументі алдында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға облыс пен қала басшылығы, құрметті қарауыл ротасы, әскери оркестр, сарбаздар және тұрғындар қатысты.

“Мәңгілік алауға” жиналған қауым қанды майданда қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шәпкенов «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды



Сондай-ақ аймақ басшысы Серік Шәпкенов сұрапыл соғыс жылдарында концлагерьде тұтқында болып, азапты ғұмыр кешкен Екатерина Абсатырованың шаңырағына барды.

Ардагер апамызға жылы лебізін білдірген облыс әкімі ата-бабалармыздың соғыстағы жанқиярлық ерлігі мәңгі есте екенінін атап өтті.

91 жастағы Екатерина Серафимқызы өзі бауырсақ пісіріп, үй шаруасымен айналысып жүр.

Шәпкенов «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойды


Сұрапыл соғыс жылдары көрген азапты жас буын көрмесе екен, - деді кейуана.  

Екатерина Абсатырова 1931 жылы 19 қаңтарда Мордовия облысында дүниеге келген. 1941 жылы оның отбасы тұтқынға түсіп, концлагерьде болған. 1944 жылы бостандыққа шыққан соң, колхозда жұмыс істеген.

1950 жылы тұрмысқа шығып, қазір 3 баласынан 2 немере, 1 шөбере сүйіп отыр.

1968 жылы отбасымен бірге бұрынғы Гурьев қаласына көшіп, зейнет жасына дейін Локоматив депосында қызмет атқарды.

Өзгелердің жаңалығы