Шәпкенов Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

29 Қазан 2021, 10:03
4086
Бөлісу:
Шәпкенов Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға шат-шадыман көңіл-күй және қызметтеріне толағай табыс тіледі.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – бұл айналасынан жәрдем күткен адамдардың проблемаларын назардан тыс қалдырмай, оларды шешуге қол ұшын созатын ең мейірімді жандардың мерекесі. Бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесінде 30 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 11,6 мың адам – әлеуметтік қызметкерлер. Сіздер табысы аз азаматтарға, мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлерге, азаматтардың басқа да санаттарына қажетті көмек көрсетіп қана қоймай, оларға жүрек жылуын сыйлайсыздар. Сіздердің елеулі еңбектеріңіздің арқасында біздің әлем мейірімділік пен қайырымдылыққа бөленеді. Еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін! Сіздерге қажымас қайрат, мұқалмас жігер тілеймін! Өмірлеріңізде қуанышты сәттер көп болсын, өйткені сіздер қызмет жолында адамдардың жүзіне күлкі ұялатасыздар. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, жақсылық және барша игілікті тілеймін, – делінген Серік Шәпкеновтің құттықтауында.
Естеріңізге сала кетейік, елде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтіледі.
Өзгелердің жаңалығы