Шәпкенов: 2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орны құрылады

10 Наурыз 2022, 09:56
1339
Бөлісу:
Шәпкенов: 2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орны құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді. 

Халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама шеңберінде Еңбек министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша 3 негізгі бағытта жұмыстар жүргізетін болады. Біздің қатысуымызбен барлығы 33 іс-шара қарастырылған, оның 16-сы тікелей Министрлікпен жүзеге асырылады, - деді Үкімет отырысында Серік Шәпкенов.

Министрдің атап өтуінше, бұл шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді.

Сондай-ақ ол жаңа жұмыс орындарын құру бағытында қандай істер атқарылатынын айтты. 

Бүгінгі күні еңбек нарығында 300 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар азаматтық келісім-шарттар негізінде жұмыс атқаруда. Тапсырыс берушілер мен орындаушылардың арасындағы қарым-қатынас күрделі бюрократиялық процесс. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшінің құрамында 60 пайызға жуығы жұмысшы мамандықтары бойынша тартылады, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 

Өзгелердің жаңалығы