Шаңғымен секіруден әлем кубогі көрерменсіз өтеді

12 Қараша 2020, 17:51
1680
Бөлісу:
Шаңғымен секіруден әлем кубогі көрерменсіз өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің екі кезеңі 5-6 желтоқсан күні Ресейдің Төменгі Тагил аймағында өтеді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнирге жанкүйерлер жіберілмейді деп жазады Olympic.kz.  

Спорт жанкүйерлері мен жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көрермендер трибунаға кірмейді. Ал спортшылар Ресейге келген соң ПТР тест тапсыруға міндетті. Тест нәтижесі теріс болған жағдайда ғана шаңғышылар жарысқа рұқсат алады, - дейді ұйымдастырушылар. 

 Айта кетелік, Төменгі Тагилде шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы әлем кубогінің 5-6 кезеңдері өтеді. Турнирге 12 елдің спортшылары қатысады. 

Өзгелердің жаңалығы