Шаңғы спорты түрлерінен әлем біріншілігі көрерменсіз өтетін болды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионатын ұйымдастырушылар турнирдің биыл көрерменсіз өтетінін мәлімдеді.&nbsp;</h4>

 26 Қаңтар 2021 2021, 02:29
26 Қаңтар 2021 2021, 02:29
3763

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионатын ұйымдастырушылар турнирдің биыл көрерменсіз өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады olympic.kz. 

Әлемдік дода 23 ақпан пен 7 наурыз аралығында Германияның Оберстдорф аймағында өтеді.

Алғашында жанкүйерлер санын шектеуді қарастырған ұйымдастырушылар ғаламдық індетке байланысты чемпионатқа көрермендерді қатыстырмау туралы шешім қабылдады. 

Сатылған билеттердің бәрі кері қайтарылған. 

Айта кетелік, әлем чемпионатында шаңғы жарысы, тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан 23 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Наверх