Jellycat ойыншықтарын шамамен 3000 фунт стерлингке ұрлаған әйел сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Sky News агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлыбританияда үйін тінту кезінде шамамен 40 коллекциялық зат табылған Руби Смит жеті ұрлық ісі бойынша кінәлі деп танылып, 26 аптаға бас бостандығынан айырылды. Бірақ үкімнің орындалуы 24 айға кейінге қалдырылды.
Норфолктегі бақ орталығынан жалпы құны 3000 фунт стерлингке жуық (1 фунт стерлинг – 627,93 теңгеге тең, сонда 1 883 790 теңге) жұмсақ ойыншықтарды дүкеннен ұрлаған әйел ұрлау қылмысы үшін сотталды.

Саффолк графтығындағы Ай қаласының 35 жастағы тұрғыны Руби Смит өткен сот отырысында 7 рет дүкеннен ұрлық жасағанын мойындағаннан кейін 26 аптаға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады Норфолк полициясы.
Дүйсенбі күні Норидж қаласының Корольдік соты Смитті 1400 фунт стерлинг өтемақы және жәбірленушіге қосымша 154 фунт стерлинг төлеуге міндеттеді.
Бейнебақылау камералары оның дүкен аралап жүріп, жұмсақ ойыншықтарды сөмкесіне, киімінің ішіне немесе балалар арбасына салып, кассадан төлем жасамай шығып кеткенін түсіріп алған.
Өткен жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында орын алған жеті ұрлық оқиғасы Норфолктағы үш түрлі бақ орталығында – Брессингемде, Роксхэмде және Тетфордта болған.