Шамалғандағы оқиға: Станция кезекшісіне үкім шығарылды

27 Сәуір 2020, 17:37
1685
Бөлісу:
Шамалғандағы оқиға: Станция кезекшісіне үкім шығарылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Қарасай аудандық сотында Шамалғандағы автобус пен пойыздың соғылуна қатысты іс аяқталды. Сот аталған қайғылы оқиғаға өткелдегі станция кезекшісін кінәлі деп тауып, үкім шығарды. 

Станция кезекшісі Ахмеджановқа үш жыл алты ай шартты түрде жаза кесілді, - делінген аудандық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске салсақ, 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз бен жолаушылар автобусы соғылған еді. Апаттан автобус жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы бір әйел екі баласымен автобустан шыға алмай қалған. Ол апаттан кейін көп уақыт ауыр халде болып, емделіп шықты.  

Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі салондағы адамдарды сыртқа шығарып жүріп, өзі үлгермей қалған.

Өзгелердің жаңалығы