«Шалыс қадам» жасаған азаматтарға көмектесу біздің парызымыз – Сайыров

3 Ақпан 2022, 21:56
1601
Бөлісу:
«Шалыс қадам» жасаған азаматтарға көмектесу біздің парызымыз – Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бізге ұлттық консенсус, бірлік қажет. Бірлікті тек өзара сенім, кешірім арқылы қалыптастыруға болады, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

Қолына қару алып, мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасамаған, жаппай тонауға қатынасы жоқ, полиция, әскерге қол көтеріп, зорлық-зомбылық жасамаған азаматтардың барлығын кешірген жөн. Мемлекет фундаменті ынтымақ пен ықпалдастық болғанда қатаяды. Әрине, заң мен тәртіп керек. Бұл аксиома! Барлық азаматтарға заңның қатаң талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары болуы керек. Заң талаптарын орындамай болмайды! Онсыз мемлекеттің шаңырағы шайқалып кетеді.Бірақ заң мен тәртіпті қалыптастырудың да әдістерін жаңарту керек, - деп жазды ол.

Депутат заң барлық азаматтарға бірдей болуы тиіс, заңнан тыс азаматтар болмауы керектігін айтты.

Сонымен бірге әділеттілік, гуманизм, адамгершіліктің де мемлекет фундаменті екендігін ұмытпаған жөн! Дегенмен "шалыс қадам" жасаған, тұрмыс қажытып жіберген азаматтарға көмектесу біздің парызымыз. Ол адамдарды "қапасқа тоғытқанмен" мемлекет мәселесі шешілмейді. Артында бала-шаға, туған-туысы қалады. Олардың көз жасы, тұрмыс тіршілігі кісінің мойнында болады? Гуманизм, адамгершілік мемлекеттік құқықтық тәртіптің басты аспектісі. Кешірімді болсақ, өркеніміз өсері сөзсіз!, - деді Ерлан Сайыров.

Өзгелердің жаңалығы