Шалғай аудандарда да референдумға дайындық қарқынды жүріп жатыр

19 Мамыр 2022, 23:05
1342
Бөлісу:
Шалғай аудандарда да референдумға дайындық қарқынды жүріп жатыр
Фото: автордан

Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің жаңа даму жолдарын белгілеп, алға өрлейтін мүмкіндіктерді кеңінен ашатын конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай, саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған ең маңызды іс-шаралар тізбегі болып тарихқа енбек.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, штаб мүшесі Марксбай Тынышбеков Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына жасаған сапары барысында айтты. 

Шалғай аудандарда да референдумға дайындық қарқынды жүріп жатыр

Ол Ақбақай ауылында орналасқан "АЛТЫНАЛМАС" АҚ компаниясының ұжымымен кездесiп, референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Онда  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы мен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның маңыздылығы жайында жұмысшылар өзара пікір алмасты. 

Елдің ертеңін ойлайтын азаматтар жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз дауыстарын беріп, жаңа Қазақстанның құрылуына үлесін қосары сөзсіз. Шалғайда орын тепкен Мойынқұм ауданы тұрғындары да саяси науқанның бел ортасынан табылатынына сенімдімін. Өйткені, бұл елдігімізді, бірлігімізді, болашағымызды айқындайтын шара, – деді штаб мүшесі. 

Өзгелердің жаңалығы