Шалғайдағы ауыл тұрғындарына 14 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

20 Қараша 2019, 04:49
1387
Бөлісу:
 Шалғайдағы ауыл тұрғындарына 14 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы аумағындағы 7 мобилді ХҚО алыстағы ауылдық жерлерге шығып, биыл 10 айы ішінде 14 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алғаш рет мобилді ХҚО-лар 2011 жылы мемлекеттік қызмет қолжетімділігін арттыру үшін іске қосылған болатын. Мобилді ХҚО-лар іске қосылғанға дейін шалғайдағы ауылдық елдімекендердің тұрғындары қажетті қызметтерді алу үшін жүздеген километр жердегі аудан орталықтарына баруға мәжбүр болды.

Атылмыш кезеңде шалғайдағы ауылдық пункттердің тұрғындары 13 893 мемлекеттік қызмет алды.Жеті ауданның арасында ең көп қызмет түрлерін алғандар Шет, Жаңаарқа және Нұра аудандарының тұрғындары болды, - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, мобилді ХҚО-лар шығуды бекітілген кесте негізінде жүзеге асырады. Мобилді ХҚО шығу кестесімен Қарағанды облысы әкімінің және аудандық әкімнің сайтынан, сонымен бірге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сайтында танысуға болады.

 

Өзгелердің жаңалығы