Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтинск қаласында 8-сынып оқушысы анасымен сөзге келіп қалғаннан кейін көпқабатты үйдің шатырына шығып алып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
3 наурызда полицияның 102 нөміріне оқушының сынып жетекшісінен хабарлама келіп түсті. Ұстаз 14 жастағы қыздың 40 лет Победы көшесі №58 үйдің шатырына шығып, өз-өзіне қол жұмсамақшы екенін хабарлады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Патрульдік полиция қызметкерлері Дулат Ситахметов пен Айдос Ибраев оқиға орнына дереу жетті. Тәртіп сақшылары суицидтің алдын алып, баланың өмірін сақтап қалды.
Қазір жасөспірім қызбен ювеналды полиция қызметкерлері мен психолог жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз: