Шахтинск қаласында 30 отбасы баспаналы болды

18 Желтоқсан 2019, 23:55
2994
Бөлісу:
Шахтинск қаласында 30 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтинск қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрғандарға 30 пәтер тапсырылды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қоныс тойын жетім балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және әлеуметтік жағдайы осал отбасылар атап өтті.

Пәтерлер қалпына келтірілген үйде орналасқан. Оның бір бөлігі осы жылдың көктемінде қайта жөндеуден өтті. Бұл үйде ведомстволық пәтер алған дәрігерлер тұрып жатыр. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін аталмыш тұрғын үй жалға берілетін болады.

Бұл тұрғын үйге мұқтаж отбасылар үшін айтарлықтай көмек. Менің ойымша, біздің өңірдегі абаттандыру мен құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Бұл жұмыстың негізгі ұстанымының бірі барлық азамат үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады, - деді Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов.
Жаңа қоныстанушылардың көпшілігі бұрын баспана жалдауға немесе туыстары мен достарының үйлерінде тұруға мәжбүр болған.
Мен кезекте 2010 жылдан бастап тұрдым, осыған дейін туыстарымның үйінде тұрдым. Мен пәтер алғанымды естігенімде қуанышымда шек болмады. Өз баспанаңның табалдырығын аттағаннан артық еш бақыт жоқ деп санаймын, - дейді Шыңғыс Малгелдиев.

2020 жылы облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша өңірдегі құрылыс көлемі 1,5 есеге ұлғаюы тиіс. Бұл кезекті қысқартуға және жақын арадағы бірнеше жылда халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық өкілін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 


Өзгелердің жаңалығы