Шахтинскіде гараж өртеніп, 6 көлікке зақым келді

19 Мамыр 2024, 23:50
386
Бөлісу:
Шахтинскіде гараж өртеніп, 6 көлікке зақым келді
Фото: baq.kz

Қарағанды ​​облысының өрт сөндірушілері Шахтинск қаласында гараж өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызыл жалын шарпыған нысанның ішінде алты көлік болған.

Өрт Шахтинск қаласында Амангелді көшесінде болған.

Бір көлік толығымен жанып кетті. Гараж ішіндегі бес көлік жартылай зақымданды. Өрт 100 шаршы метр аумақты қамтыды. Тілсіз жау 16:13-те толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда, – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы