«Шахтинск» шахтасындағы төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

6 Тамыз 2023, 20:41
838
Бөлісу:
«Шахтинск» шахтасындағы төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: BAQ.KZ

Қарағанды ​​облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында болған төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 1-бөлігі «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, «Шахтинская» шахтасында ұңғыманың үстіңгі жағын үңгіп қазу барысында үйінді құлап, проходчикті жарақаттаған.

Өзгелердің жаңалығы