Шахтадағы жарылыс. Бас прокуратура тергеу барысы туралы айтты

31 Қазан 2023, 15:10
658
Бөлісу:
Шахтадағы жарылыс. Бас прокуратура тергеу барысы туралы айтты
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті орында үйлестіруді бас прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асырып жатыр.

Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді. Ауысым қызметкерлерінен, «АМТ» Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды. Бірқатар сот сараптамасы, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды. Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдануда. Өзге де қажетті іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс бас прокурордың бақылауында.

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды

Өзгелердің жаңалығы