Шахтадағы өрт. Зардап шеккен кеншілерге қандай көмек көрсетіледі?

18 Тамыз 2023, 12:09
873
Бөлісу:
Шахтадағы өрт. Зардап шеккен кеншілерге қандай көмек көрсетіледі?
Фото: Арман Мухатов - архив

Шахтадағы өрттен екі адам қаза тауып, 11 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл жайында Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифинг кезінде еңбек испекторына «Қаза тапқан кеншілерден бөлек, зардап шеккен кеншілерге материалдық көмек көрсетіле ме?» деп сұрады. 

Компанияда ұжымдық шарт бар. Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында 2022 - 2024 жылға құрылған. Еңбек шарттың төңірегінде жұмысшы қайтыс болған жағдайда не істелінетіні көрсетілген. Біріншіден, 10 жылдық жалақысы төленуі тиіс. Екіншіден, қайтыс болған азаматтың жақындарына пәтер алып беріледі. Үшіншіден, балаларына оқуға түсуге жағдай жасау, - деді спикер Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Оспанқұловтың айтуынша, қазіргі таңда ауруханада жатқан азаматтарға да медициналық көмек көрсетіледі. Егерде азамат жұмысқа жарамсыз болып қалған жағдайда оған сол санаттағы әлеуметтік көмек беріледі.

Өзгелердің жаңалығы