Шахтадағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады

1 Қыркүйек 2024, 12:41
484
Бөлісу:
Шахтадағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады

ШҚО полиция департаменті шахтада төрт жұмысшының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам уланып қайтыс болды.

Тағы бір адам Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды ("тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу")", - делінген ПД хабарламасында.

ПД хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы