Шахтадағы апат: Зардап шеккен шахтерлердің жағдайы белгілі болды

3 Қараша 2022, 10:40
1303
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Зардап шеккен шахтерлердің жағдайы белгілі болды

Зардап шеккен 4 шахта жұмысшысы Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдын ала қойылған диагноз - метаннан улану. Зардап шеккендердің екеуі Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылған. 

Уланудан бөлек, әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған алған екі науқас Шахтинск  қаласының ауруханасында жатыр. Ол жаққа Консилиум өткізу үшін Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың санитарлық авиация мамандарының бригадасы аттандырылды (2 нейрохирург және 2 реаниматолог), - деді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева.

Естеріңізге сала кетейік. бүгін түнде  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында газ тарап кетіп, 5 жұмысшы қаза тапқан болатын. Болған жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар өңір басшысы Жеңіс Қасымбек зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы