Шахтадағы апат: Қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

28 Қазан 2023, 09:45
575
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Қаза тапқандар саны 11 адамға жетті
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Қарағандыда Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бүгін Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам көз жұмды, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілді, - деп хабарлады өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды.

Болжам бойынша лавада газ метаны жарылған.

Жедел штаб құрылды. Оқиға орнына облыс әкімі мен прокуратура өкілдері барды.

Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсететін 3 психолог тартылған.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді: (8-7212) 49-72-70, 51-72-23.

Өзгелердің жаңалығы